Елімізде кезекті оқу жылы аяқталды. 3,5 млн-ға жуық қазақстандық оқушы соңғы қоңырау сыңғырын естиді. Ел мектептерінен 150 мыңнан аса түлек түлеп, өмірдің келесі кезеңіне қадам басады. Олардың 10 мыңға жуығы «Алтын белгіге» үміткер. Соңғы қоңырауға келсек, салтанат тек 9-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде, ал қалған шәкірттер үшін онлайн өтеді.