Шай, киіз үй және дипломатия: Марокко елшісі Қазақстандағы өмірі туралы

Шай, киіз үй және дипломатия: Марокко елшісі Қазақстандағы өмірі туралы

Марокко - Африкаға ашылған қақпа, ал Қазақстан - Орталық Азияға жол бастар қақпа. Екі мемлекет күн сайын бір біріне жақындай түсуде.

«Дипломат өмірі» бағдарламасының алғашқы қонағы - Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Рашид Маанину. Ол Қазақстанның Батыс Сахарадағы Марокко егемендігін мойындауына, қазақстандықтар үшін визаның жойылуына әрі ауқымды мәдени алмасу бағдарламасының іске қосылуына қалай қол жеткізгенін әңгімеледі.

Сұхбатта энергетика, логистика, құқықтық бастамалар және туризм мен бизнестің көкжиегін кеңейтетін тікелей әуе рейстері жайы сөз болды.

Жеке тақырыптар да тыс қалмады: бір әулеттің дипломатиялық дәстүрі, Луврдан алынған картина, елші резиденциясындағы киіз үй және халықаралық дипломатияда табысқа жетелейтін өмірлік ұстанымдар туралы сыр шертілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?