Мажарстан мен Қазақстан соңғы он жылда стратегиялық
әріптестікті дамытып келеді. Бұл байланыстар экономикадан бастап энергетика,
ауыл шаруашылығы және мәдени қарым-қатынасқа дейінгі біраз саланы қамтиды. Қазір мажар компаниялары Қазақстандағы
белсенділігін күшейтіп отыр: мұнай-газ жобаларынан бастап мал шаруашылығына
арналған жем-шөп зауыттарын салуға дейін ауқымды жоспарлар бар.
Қазақстандағы Мажарстан Елшісі Отто Иван Рона екі ел
арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер, халықтардың мәдени жақындығы мен ортақ
тарихи тамырлар туралы ой бөлісті. Ол сондай-ақ, Қазақстанның қақаған қысымен
алғашқы кездесуін, Еуропа мен Азиядағы қызмет жолын және неге дипломатты тек
«ноутбук алдындағы дипломат» емес, ел ішінде халықпен жүздесетін адам деп
санайтынын әңгімелеп берді.

