Турнир барысында әлемнің он жетінші чемпионы анықталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше дүбірлі дода жастар арасында шахматты насихаттауға сүбелі үлес қосады. Бас қалада 7 сәуірде басталған шахматтан әлем чемпионаты 1 мамырға дейін жалғасады. Жарыста Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласады. Шахматтан он жетінші әлем чемпионын анықтайтын мачты талқылау үшін ойыншылар мен ұйымдастырушылар бас қөосып журналистердің сұрағына жауап берді.