«Тұрақтыдан» - «Позитивтіге». Moody’s рейтинг агенттігі Қазақстан бойынша өз болжамын өзгертті. Халықаралық агенттік еліміздің тәуелсіз несие рейтингін «Baa2» деңгейіне көтерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Жақсартылған болжам агенттіктің елдегі экономиканы әртараптандыру реформаларына берген бағасын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттің экономикалық сын-қатерлерге тойтарыс беру қауқары жоғарылағандықтан, әлеуеті де арта түскен. Рейтинг көрсеткіштеріне тікелей әсер еткен факторлар – мемлекеттік тепе-теңдіктің тұрақтылығы, халықтың берешегінің аздығы мен шетелдік валютадағы жинақ-қорлардың көптігі. Одан бөлек, агенттік шикізаттық емес секторларға инвестицияның айтарлықтай артқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ дамып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытының арқасында ашылып жатқан көлік-логистикалық хаб ретінде Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері де айтылды. Жалпы Moody’s сарапшылары Қазақстан экономикасы алдағы уақытта дамуын жалғастыра беретінін мәлім етті.