Маңызды сұхбаттың қонағы – Қаржы институтының басқарушы директоры Рахымжан Сатаев. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстанның «Даму» банкінің мерейлі күнімен тұспа-тұс келеді. Осы орайда қаржы институтының еліміздің ұлттық экономикасына қосқан үлесі, «Даму» банкінің бүгінгі таңда ұстанған бағдары мен еліміздің қандай салаларға басымдық беретіні жайлы сұхбат барысында айтылады. «Соңғы 5 жылда «Даму» банкінің тарапынан игерілген орташа жылдық көлем шамамен 450 млдр теңгені құрады. Барлық дерлік аймақтарда жаңа өндіріс немесе қолданыстағы кәсіпорын қайта жаңғыртылды. Олар қазақстанның индустрияландыру саясатына сүбелі үлес қосып жүрген заманауи жоғары технологиялық ірі кәсіпорындар», - деді Рахымжан Сатаев