Бағдарламамыздың кезекті қонағы – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор және қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов.
Ол көптеген симфония, опера, камералық шығармалар мен белгілі кинотуындылардың музыкасын жазды. Алайда музыка консерваториясына тек 25 жасыңызда оқуға түседі. Неліктен есейген шақта өмірін музыкамен байланыстыруды шешеді? Және бүгінгі таңда композитор шығармашығында қандай жаңалықтар болып жатыр? Бұл туралы бағдарлама барысында өз аузынан ести аласыздар.