Бүгінгі таңда әлем бойынша гендерлік теңдік тақырыбы жауыр болған мәселеге айналды. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық әлі де қоғамда жиі тіркеледі. Нәзік жандылардың даусы ескеріліп, ер азаматтармен құқықтары теңеседі ме? Бұл жөнінде бағдарлама қонағы «БҰҰ-Әйелдер» директорының міндетін атқарушының орынбасары Оса Регнермен әңгімелейтін болады.
Оса Регнердің айтуынша, қоғамда қалыптасқан пікірге қарамай әр әйелдің жеке басының табыс көзі болу керек. «Әйелдердің экономикалық жағынан тәуелсіз болғаны абзал. Сондықтан әлеуметтік белсенділіктерін арттыра түсу қажет. Қазақстанда осы жағы жақсы жолға қойылған. Бұл өте тамаша дер едім. Өйткені мұнда әйелдер жұмыс жасап, өздерін асырай алады. Әйелдердің көбі жоғары білімді, білікті маман. Оны қоғамға қажетті арнаға бұрып, шарапатын татуға қолдау жасау керек», - дейді ол.