Qyzyljar АЭА дамытуға 9,6 млрд теңге бағытталды

Qyzyljar АЭА дамытуға 9,6 млрд теңге бағытталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлінді. Өндірістік аймақта қайтарылған активтер есебінен жаңа инфрақұрылым мен инженерлік желілер салынады. Бұл тамақ өнеркәсібі, машина жасау, агроөндірістік кешен сияқты басқа да негізгі салаларда 16 инвестициялық жобаны іске қосуды жеделдетеді. Олардың жалпы инвестициясы 279 млрд теңгені құрайды. Айта кетейік, қазірдің өзінде Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында құны 28 млрд теңге болатын 5 жоба іске қосылды. 

Қанат Шамсутдинов, СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: 

- АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. Теміржол желілерінің құрылысы, жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Заманауи инфроқұрылым құру жаңа өндіріс ошақтарын іске қосып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды дамыту үшін қажетті жағдай жасайды. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттырады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?