Шапан, кәжекей, шәй көйлек. Шіркін, қазақтың ұлттық киіміне жететін сұлулық бар ма?!
Оюы да сөйлейді, пішіні мен бояуы да тұнып тұрған әңгімені сізге баяндап береді. Сонау тарихқа үңілтеді. Бүгін біз Тамара Асармен ұлттық киім киеміз!
Бүгінгі біздің ұлттық киімдер жайындағы тақырыбымызды кеңінен өрбіту үшін студиямызға қазақ халқының тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, профессор Аманжол Қалышты шақырдық.