Қыз ұзату – әдемі, сезімге толы, тәрбиелік мәні жоғары, осы күнге дейін керемет сақталған дәстүрлердің бірі. Осы дәстүрдің салт-себебін бізге түсіндіретін, көрерменнің көкейінде жүрген сұраққа жауап беретін студиямызға қонағымыз келіп отыр. Этнограф Дәулет Жайлыбаев.
Осы салт қашаннан басталды? Қалай жалғасты? Бұл салт жайлы этнографтар не дейді, ғылым не деп сөйлейді?
«Қыз өссе – елдің көркі», «Қыз – қонақ», «Қыз жат жұрттық». Қимайсың, бірақ өмірдің талабы сондай. Біз бүгін қыз ұзатамыз.