Сыйлы қонақтың иығына шапан жабу, астына ат міңгізу, қоралап қой айдату, үйірлеп жылқы айдату, сыйлық жасау о бастан қазақтың дәстүрінің нышаны. Қазақ үйіне келген қонағын құры жібермеген, «қуыс үйден құры шықпа» деп, міндетті түрде қолына сыйлық ұстатып жіберген. Сыйлық ол – ілтипат. Екі адамның арасындағы шынайы ықылас көңілдің көпірі. Бүгін біз қазақ салтындағы сый-сияпат түрлері жөнінде әнгіме қозғаймыз.
Осы сый-сияпатты әдет ғұрып бойынша жасаудың жолдары мен жүйелерін Қазақстан жазушылар одағы мен журналисттер одағынаң мүшесі, академик, этнограф Болат Бопайұлы түсіндіретін болады.