Қазақстан Президенті ШЫҰ-ның ерекшелігін атап өтті. Қасым-Жомарт
Тоқаев Ұйымның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты
арттыруда әлеуеті зор екенін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мәселесіне баса назар аударылады. Ұйымның қазіргі қызметі мен басым
бағыттары жөнінде 1 қаңтардан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан
Ермекбаев ақпарат берді. Қасым-Жомарт
Тоқаев ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдірудің, халықаралық бірлестіктермен
байланыстарды жандандырудың, сондай-ақ Қазақстанның «Әділ бейбітшілік, келісім
және даму үшін әлемдік бірлік туралы» бастамасын ілгерілетудің маңыздылығын атап
өтті.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

