Қазақстанда экотуристер саны екі есеге артты

Қазақстанда экотуризмнің танымалдылығы мен тартымдылығы артып келеді. Саяхаттың осы түрін таңдаушылар саны екі еседен астамға артқан. Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі  соңғы 3 жылдағы көрсеткіштерге сүйене отырып, осындай тұжырым жасады. Сонымен 2020 жылы эко туристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңына қарай олардың қатары 2 млн-нан асып жығылған.

Нұртас Байларов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

Бұл деректер Қазақстанда экотурзм саласының қаншалықты жақсы қарқында дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар белгілі деңгейде экотуризм мәдениеті қалыптасуда.  Республиканың ұлттық парктерінде визит орталықтар, кемпинг және глэмпинг сияқты жаңа туристік нысандар саны көбейіп жатыр.  Бұл жерлерде қонақтарға жергілікті экожүйе, жабайы жануарлар, туристік бағыттар, демалу пунктері туралы ақпараттар беріледі. Соңғы екі жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит орталығы ашылса, оның жетеуі жеке қаражатты тарту есебінен ашылды. Сонымен қатар елімізде глэмпингтер саны 38-ге жетті.   

Сонымен қатар республикада туристік бағыттар мен соқпақ жолдар қатары көбейіп, тұрақты бизнес құру үшін тиісті қолдау  шаралары жасалуда. Заңнамалар базасы толықтырылып, вирталды турлар қосылған. Виртуалды демекші, 3Д арқылы интерактивті саяхат жасау әдісі  Батыс Алтай қорығы, «Көлсай көлдері», Қатонқарағай, Сайрам Өгем және Тарбағатай ұлттық парктерінде  енгізілді.