«Падел» – кіші теннис емес, Қазақстанда дамып отырған, болашағы зор спорт түрі. Ол қолжетімді, әмбебап және әлемде танымал. «Падел» теннисінің танымал болуының тағы бір себебі – оның ережелерінің қарапайымдылығында. Сондай-ақ, оны отбасымен бірге ойнауға болады. Қазір бұл спорт түріне жастардың қызығушылығы басым. «Падел» теннисінің ерекшеліктері мен тың ақпарат «Sporting Marvels» бағдарламасында!

