«Almaty Arena» - Алматы қаласындағы ең көрнекі спорт ғимараттарының бірі. Оны Орта Азиядағы «ең технологиялық нысан» деп те атайды. Ол 2017 жылы өткен Қысқы универсиада қарсаңында салынған кешендердің бірі әрі бірегейі.
«Sporting Marvels» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында ауқымдылығы жағынан Орта Азияда бірінші, ал ТМД мемлекеттері арасында екінші орынға ие болған «Almaty Arena» спорт кешеніне саяхат жасаймыз.

