Алматыны еліміздің спорт орталығы десек те болады. Себебі шаһар небір ерекше спорттық нысанға толы. Солардың бірі - Балуан Шолақ атындағы спорт кешені. 60 жылдық тарихы бар. Ірі спорттық біріншіліктері мен концерттер, ойын-сауық шоулар жиі ұйымдастырылады. 90-жылдың басында спорт нысаны қазақтың танымал композиторы - Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы деп өзгертілді. Бағдарламаның бүгінгі шығарылымында кешен туралы сіз естімеген тың ақпараттармен бөлісеміз.

