Музыканың адам өмірінде қашан пайда болғаны туралы көптеген деректер бар. Ежелгі Грекияда театрлық қойылым, жыр кештері алдында музыка ойнап тұрған. Атақты философ, математик Пифагор музыкалық акустикаға негіз салған. Қалай болғанда да музыка біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.