Қазіргі кезде қоғамда «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әркім әр түрлі түсінеді. Бірі - мұны табиғатты қорғайтын экономиканың жаңа саласы деп қабылдаса, енді бірі - бұл сөзді жаңа технологиялардың негізінде ғаламшарға пайда келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшінші біреулер - экологиялық таза өнімдер өндірісін жаппай қалыптастыра отырып, адамзат дамуының жаңа кезеңіне өту деп ұғады.