Саз балшық адамзат пайда болғаннан бері қолданылып келе жатқан материал. Жалпы қыш құмыралардың Қазақстан жерінде шығу тарихы неолит дәуірінен бастау алады екен. Бұл материалдан бабаларымыз тұрмысқа қажетті бұйымарын жасаған. Сазбалшықты шыр айналдырып ыдыс жасап отырған шеберді көрсеңіз, қызығушылық танытып, таңданыспен қарайтыныңыз анық. Тіпті өзіңіз де осы материалмен жұмыс істесеңіз, шаршағаныңыз басылып, миыңыз тынығып, күнделікті күйбең тіршілікті бір сәтке болса да ұмытасыз.
Бүгінде қыш құю ісімен айналысатын шеберлер көп емес. Алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Саз балшық терапиясына қатысқысы келетіндер де жетерлік.