«Астана Опера» және «Астана балет» қойылымдары Швейцария қауымын тәнті етті. Женевада Республика күні қарсаңында қазақстандық балет кеші өтті. Bâtiment des Forces motrices театрының сахнасында еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен «Астана Операның» солисі Анастасия Заклинскаяның өнері жергілікті жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Отандық сахна саңлақтары француз хореографы Ролан Петидің «Бозбала және өлім» қойылымын ұсынды. Балет шеберлері би арқылы әйгілі туындының мән-маңызын жеткізді. «Астана Балет» әртістері де жарқын өнерімен ерекшеленді. Олар Джордж Бизенің музыкасына «Кармен-люкс» қойылымын ұсынды.