Бал бауыр - Жаужүрек

Қазақтың кез-келген тағамы өзінің терең мән-мағынасымен дайындалады. Анасының қызына деген сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласын білдіретін бірнеше тағам түрі бар. Сондай-ақ аналар ұлдарына да арнап ас дайындаған. Соның бірі Жау жүрек тағамы. Яғни жаугершілік заманда жастайынан түзде жүретін ер балаға «Ұлым батыл, ержүрек болсын» деген ниетпен анасы дайындаған. Иә Ана жүрегі- қашанда мейірім мен сүйіспеншілікке толы. Сондықтан ас дайындаған кезде әрбір ана бар махаббаты мен ықыласын салады