Мемлекеттік комиссия отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында мұндай 27 еліді мекен бар. Олардағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі соңғы 6 жылда 11,2 трлн теңгегеден асқан.  Бұл еліміз бойынша жалпы көрсеткіштің 29% құрайды. Бүгінгі таңда, моноқалаларда 2 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Негізінен тау-кен металлургиясы және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және машина жасау салаларында жаңа кәсіпорындар құрылмақ. Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту ұсынылады. Қаржы тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын күрделі жөндеу жүргізуге бағытталмақ. Бұған қоса, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жандандыру көзделген.