Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк сәйкес шешімді осымен екінші рет қабылдап отыр. Монетарлы реттеуші аталған мерзімде инфляция көрсеткіші аздап төмендегенімен түрлі тәуекелдер сақталғанын атап өтті. Мәселен, азық-түлік бағасы және  теңге бағамының өзгеруі, сыртқы оқиғалар, сондай-ақ жалақы мен зейнетақының өсуі. Алдағы мамыр айындағы болжамда жаңа мәліметтер, оның ішінде жанар-жағармай мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтер нарығындағы баға параметрі ескеріледі. Келесі шешім 26 мамырда белгілі болады.