Метеорология ғылымы: Қазақстандағы метеостанциялар

Бәлкім, алғашқы адамдар қызығушылықтан немесе қажеттілігіне байланысты жақын күндері ауа-райының қандай болатынын анықтауға тырысты. Уақыт өте келе бұл істі Аристотель қолға алды. Сөйтіп, метеорология ғылымының ресми дүниеге келген уақыты б.з.б. IV ғасыр саналады. Сол кезде грек ғалымы Метеорологика атты алғашқы трактатын жазды. Онда көптеген пайдалы дүниелер кездесті. Мысалы, кометалар жаман нәрсенің белгісі немесе күн жерден әлдеқайда үлкен болуы мүмкін деген болжамдар кездесті. Сонымен қатар, Аристотель жердегі жауын-шашын түрлерін суық ауа массаларының қозғалысымен байланыстырды.

Бүгінгі таңда метеорология – бұл өте қызық технологиялармен қаруланған, жақсы дамыған ғылым.