Мемлекет басшысы UEFA Президентін қабылдады

Мемлекет басшысы UEFA Президентін қабылдады

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді. Қазір 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Президент ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасудағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді. UEFA басшысы Қазақстан футбол федерациясымен берік байланыс орнағанын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?