Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Сауда өкілі Кэтрин Таймен Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық әріптестік мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы отыз жылда екі ел сауда, инвестиция, қауіпсіздік, адам құқықтары және демократия секілді көптеген салада стратегиялық серіктестікті нығайтты. АҚШ – Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бірі. Тартылған қаржының жалпы көлемі 65 млрд доллардан асады. Былтыр екі мемлекет арасындағы тауарайналымы 4 млрд доллардан асып, 30%-дық өсім көрсетті.
Кэтрин Тай құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін бетпе-бет талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.