Атырау облысының 80 медицина қызметкері әлемнің үздік клиникаларында біліктілігін арттырады. Қазақстандық мамандар үш айдың ішінде Израиль, Ресей, Түркия, Германия секілді мемлекеттерде білім алып, тәжірибеден өте алады. Кәсіби шеберлігін шыңдаған маманға халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі.
Асқан Бәйдуәлиев, Облыстық денсаулық сақтау Басқармасының Басшысы:
– Осы 2 айдың ішінде топты қазір құрып жатырмыз. Оның барлығы бас дәрігерлердің тапсырысы бойынша. Конкурстық комиссия өткізіп жасақталады. Сол жердегі акушер-гинекологтарды, реаниматологтарды, мейірбикелерді және ота жасайтын мамандарды іріктейміз. Олар Израиль мемлекетіне барады.