Мәскеуде Әлия Молдағұлованың рухына тағзым жасалды

Мәскеуде Әлия Молдағұлованың рухына тағзым жасалды

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шаралар Мәскеуде жалғасты. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мергеннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Ол қазақ қызының атымен аталатын мектептің жанында орналасқан. Білім ошағында 12 жылдан бері батырдың музейі жұмыс істейді. Мұнда Әлия Молдағұлованың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, архив материалдар мен кітаптар қойылған. Мектепте мерген қыздың ерлігіне арналған конференциялар мен көрмелер жиі ұйымдастырылып тұрады.


Даниил Новиков, оқушы:


- «Әлия Молдағұлова туралы мен көп естідім. Көп оқыдым. Жастар сол кездегі батырлар туралы біліп, олардың рухына тағзым етуге міндетті деп есептеймін.


Бақтығали Айжігітов, жазушы:


- «Бүгінгідей жақсы өмір сүріп жатқанымыз батырларымыздң, әке-аталарымыздың арқасы. Біз әке-аталарымызды ұмытпауымыз керек. Әрқашанда келесі ұрпаққа біз осыны жеткізуіміз керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?