Қырғыз халқының ұлттық бас киімі – Ақ қалпақ

Бүгінгі бағдарламадан көретіндеріңіз:

 - Қырғыз халқының ұлттық бас киімі «Ақ қалпақ». Және ол қалай жасалады?

 - Құрақ құрау өнері. Оны қазіргі заманауи киімдер мен үй жабдығын безендіруге қолдануға бола ма?

 - Азербайжанның қолөнер шеберлері. Олардың ерекшеліктері мен құпиясы неде?

Қырғыз халқының бас киімі

Ақ қалпақ – қырғыздардың ертеден келе жатқан бас киімі. Оның ыңғайлы пішіні ғасырлай бойы сыналған. Ол жаңбардан да, шыжыған күннің көзінен де қорғайды. Ер адамдар айыр қалпақтарымен жұмысқа да, тойға да барады, жай күндері де киіп жүреді. Қалпақты сыйлық ретінде құрметті қонақтарға оның ішінде шет елдіктерге және мерейтой иелеріне тарту етеді.

5-ші наурыз күні қалпақтарын киіп көшеге шыққан ер адамдар әсіресе көп болады, өйткені дәл осы күн – Қырғызстанда Ақ қалпақ күні.