Біз құрымнан жасалған бұйымды қалай сәндеуге болатынын білеміз. Бұл туралы бес жылдан бері ұлттық стильде өрнек жасаумен айналысып келе жатқан қолөнер шебері Ринат Абдулов толығырақ айтып береді.
Ал бағдарламаның келесі кейіпкері Бұлбұл Мәрден «Өнерім – менің өмірім» деген ұстаныммен өмір сүреді. Ол – талайларды талантымен тамсандырған жан. Оның есімі Қазақстанның өнерсүйер қауымына жақсы таныс. Бұл шығарылымда он саусағынан өнер тамған хас шебер өз шығармашылығы жайында әңгіме қозғайды.