Киіз үй – көшпенді халықтардың өте оңай құралатын әрі тез жиналатын киізден жасалған баспанасы. Көшіп-қонып өмір сүрген халық қайда барса да киіз үйді өздерімен бірге алып жүрген. Ешқандай шеге қолданылмай, жиналып құралатын бұл баспананың негізгі бөліктерінің барлығы табиғи материалдан жасалады. Киіз үйдің шаңырағын бұрын иілгіш әрі өте мықты тал ағашынан жасаған. Негізгі бөлігі керегеден тұрады. Оның әрқайсысының өлшемі киіз үйдің көлеміне байланысты болады. Керегені шеңбер тәрізді орнатып алып, басын жіппен байлап қояды. Кейін есігін орналастырады.
Қырғыздың қолөнер шебері Ынтымак Суйунбекұлы – киіз үй жасаудың нағыз майталманы. Ол «Бұл қалай жзасалған?» бағдарламасында қырғыздың киіз үйі қалай жасалатыны туралы айтып бермек.