Құрғақшылыққа байланысты 216 миллион адам қоныс аударуға мәжбүр

Құрғақшылыққа байланысты 216 миллион адам қоныс аударуға мәжбүр

2050 жылға қарай әлем бойынша шамамен 216 миллион адам тұрғылықты жерінен қоныс аударуға мәжбүр болады. Дүниежүзілік банк мамандарының болжамынша, мұндай жаппай көшуге ең алдымен құрғақшылық себеп болады. Өйткені астық көлемі азаяды. Ашаршылық белең алып, өлім-жітім көрсеткіші артады, дейді сарапшылар. Айта кетейік, ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері, климаттың өзгеруі жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай бір аймақтарды қамтып отырған мәселе.