Құрақ құрау өнерінің бастауы қайда жатыр? Құрақтың пайдасы қандай және өнердің бұл түрімен байланысты қазақта қандай ырымдар бар? Көз майын тауысып, саусағы ойылғанша іс тігудің ләззаты неде? Ұлттық өнерді дәріптеп, білген-түйгенін қыз-келіншектерге үйретіп жүрген этнодизайнер Ырза Тұрсынзада «Алтын тамыр» бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.