Рүстем Әбдіраш – белгілі кинорежиссер, суретші, сценарист. «Сталинге сыйлық», «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз» фильмдерінің, «Елбасы жолы» мен «Қазақ хандығы» кинодастандарының режиссері ретінде оның есімі көпшілікке жақсы таныс. Азиялық NETPAC пен еуропалық FIPRESCI киносыншылардың сыйлығын қатар алған Қазақстандағы жалғыз режисссер. Рүстем Әбдіраштың туындылары көптеген халықаралық фестивальдерде топ жарып, бас жүлдені иеленді. Біз бүгін Culture talks бағдарламасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімен кино өнері туралы сұхбаттасамыз.