Зейін Әліпбек – тележүргізуші. 23 жасында «Хабар» арнасына жұмысқа тұрып, еңбек жолын тілшілік қызметтен бастаған. Көпшіліктің көзайымына айналған диктор. «Жаңалықтарды тізгіндеу – үлкен жауапкершілік», – дейді.
Оның тележүргізуші ретіндегі қыры қандай болса, журналист ретіндегі қарым-қабілеті де сондай. Ол эфирде де, өмірде де салмақты. Сабырлы болудан ұтқаным көп деп санайтын азамат. «Хабар» Агенттігінің майталман маманы Зейін Әліпбек телевизия жайлы ой-орамдарын ортаға салып, өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелейді.