ҚР Үкіметінде ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды

ҚР Үкіметінде ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі ирригациялық және дренаждық жүйелер жаңғырту. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 100 мың гектардан асатын аумақта құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы бүгін ел Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдары, атап айтқанда, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Тараптар еліміздің оңтүстігіндегі 1500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелерін де қарастырды. Бұл 1 млн-нан астам қазақстандықтардың дүниежүзілік желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірқатар теміржолдарды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелері де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау жоспарлары қарастырылды. Бұл бағыттың пайдалануға берілуі өңірдегі логистикалық қызмет пен сауданың дамуын ынталандыра түседі.