ҚР ІІМ Қазақстандағы көші-қон мәселесіне қатысты түсінік берді

ҚР ІІМ Қазақстандағы көші-қон мәселесіне қатысты түсінік берді

Биылдың сәуірінен Қазақстанда көші-қон үшін жаңа есеп нүктесі басталды. Дәл осы кезде екі жылдық карантиндік шектеу шаралары біршама жеңілдетіліп, шекараның құрлықтағы өткізу пункттері ашылды. Сол уақыттан бері елімізге төртмиллион төрт жүз мың шетелдік келді.

Айта кетерлігі, аталған мерзім ішінде соншаға жуық адам республика аумағынан шығып үлгерген.  Қазақстандағы осы төңіректегі ахуал жөнінде ІІМ көші-қон комитетінің өкілі Аслан Аталықов арнайы брифинг барысында баяндады. Оның сөзінше, мигрантардың дені Ресейден келген. Шамамен 1миллион жеті жүз мың адам. Оның 1 миллион 666 мыңы шекарамыздан қайта шыққан. Өзбекстаннан елімізге  аяқ басқан бір жарым миллион адамның бір миллион 370 мыңы ел аумағынан шығып кеткен. Сондай-ақ, осы аралықта ҚазақстандаҚырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Түркия мен Германия азаматтары да  жиілепті. Спикер бұл орайда Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор екенні тілге тиек етті. Шетелдіктердің дені біз арқылы өзге мемекеттерге қоныс аударады.  

АСЛАН АТАЛЫҚОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Үлкен көші-қон ағыны, әрине ол ең алдымен көршілікке байланысты. Бұл жерде Ресей Федерациясының азаматтарына Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы да ұмытуға болмайды. Транзитке келетін болсақ, қыркүйек айының соңғы күндері ғана Қазақстаннан Ресей Федерациясының 40 мыңнан астам азаматы кетті. Мыңдаған адам еліміз арқылы оңтүстік көршілеріміз - Қырғызстан мен Өзбекстанға аттанды. 5 күн ішінде 6 мыңға жуық ресейлік Қазақстан әуежайлары арқылы ұшып шықты.