Қазақстанда 24 қаңтардан бастап коронавирусқа қарсы карантин мерзімін 2 аптадан 10 күнге дейін қысқарту жоспарлануда. Қазір сарапшылар бас санитар дәрігердің тиісті қаулысының жобасын қарастырып жатыр. Ең алдымен қысқарған карантин мерзімі екпе салдырып немесе ревакцинациядан өткен жандарға қолданылады. Сондай-ақ ПТР-тесттің «теріс» нәтижесі де карантин мерзімін қысқартуға сеп болмақ. Оны карантиннің 7-ші күнінде тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы:
- Егер аурудың ешбір белгісі білінбесе, бірақ ПТР-тест «оң» нәтиже көрсетсе, осы алгоритм қолданылады. Яғни олар 10 күндік карантинде оқшаулануы тиіс. Бір аптадан кейін ПТР-сынаманы қайта тапсырып, нәтижесі «теріс» болса, сол күні карантиннен шығып, жұмысқа орала алады. Тапсырмаған жағдайда толық 10 күнге оқшаулануы қажет.