Қазақстанның алты нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілмек

Бұл жұмысты Қазақстан Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету аясында жүргізіп келеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстаннан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16 бірлікке дейін арттыру жоспарда бар. Ал, 2030 жылға қарай 20 бірлікке жеткізу жағы  қарастырылып отыр. Тиісті ведомствода бұл рухани мұрамызды насихаттау, дамыту және сақтаудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.