Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді

Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді

Бұдан былай Мұғалімдер күні  5 қазанда атап өтіледі. Ел Үкіметі тиісті қаулы қабылдады. Ұстаздар құрметіне арналған мереке осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді ол 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.