Ол әрбір объектінің паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін
тексеру нәтижелерін жинайтын болады. Аталған
жүйе пайдаланушыларға көпірлер,
жол
өткелдері мен айырықтарын күтіп
ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік
береді. Осылайша, оларды күтіп ұстау шығындары айтарлықтай
төмендейді.
Еске салайық, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары цифрлық
мәліметтер базасын әзірлеуді
биылғы жылдың басында қолға алған. Бұл
ретте олар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция,
Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесіне сүйенді. Бүгінгі таңда бағдарламаның прототипі жасалып, ақпараттық
жүйе интерфейсінің дизайны пысықталуда. Сондай-ақ автомобиль көпірлері мен
жол өткелдерінің техникалық
жай-күйін бағалау әдістемесі әзірленді.
Қайсар Шалқар, ҚАЗҒЗИ департаментінің бас маманы:
Алдағы уақытта мониторинг сияқты модульді іске қосуды
жоспарлап отырмыз. Құрылыс және одан әрі пайдалану кезінде өте мұқият болуды қажет
ететін ешбір санатқа жатпайтын үлкен көпірлер бар. Сондай-ақ, мониторингтен
бөлек, қозғалыс, жауын-шашынды бақылайтын арнайы құрылғылар орнатылады. Ал алдағы уақытта мұндай заманауи құрылғыларды тек республикалық жолдарда ғана
емес, қалалық көпірлерге де орналастыруды жоспарлап отырмыз.
Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 1500 мыңға жуық көпір құрылымы бар. Бүгінгі таңда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы көпірлерді тексеру нәтижелері өңделу үстінде. Қазірдің өзінде төрт құрылым ақпараттық жүйеге енгізілді. Жыл соңына дейін тағы 16 көпірді базаға қосу жоспарланып отыр.