Адамдар киноға не үшін барады? Әрине, біріншіден, жағымды эмоцияға бөленуді көздейді. Күнделікті күйбең тіршіліктегі мәселелерден бір сәтке болса да арылып, фильмге арқау болған терең тақырыптарға үңіліп, кейіпкерлермен бірге сан түрлі сезімдерді кешіреді. Мұны ойын-сауық ретінде қарастыру керек пе ? Жоқ. Сапалы кино көрген адамнан рухани кемелдену, мәдени баю, зияткерлік тұрғыдан өсу байқалады.