Ханым Айдаш – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Ұлттық киім үлгілерін зерттеп, «Қазіргі мәдениетке қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің әсері» деген атаумен еңбек жазған этнолог. Заманауи әрі ұлттық нақыштарды сәтті үйлестіре білетін дизайнер. Сән өнеріне нық қадам басып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген жас таланттарды алыс-жақын шет елдерге танытып жүрген жанашыр ұстаз.