Темірланның тарихта айшықты тұлға болғаны белгілі. Ал қазақ даласында оның Тоқтамыспен арадағы соғысы жауынгерлік жорықтарымен қатар, ірі құрылыс кешенін салумен аты шықты.
Адамзат тарихындағы ұлы жаулап алушының әртүрлі есімдері белгілі: Ақсақ Темір, Темірлан, Әмір Темір, Ұлы Әмір.
Тарихта ол жас күнінде садақ оғы тиіп, аяғы жараланған соң тарап кеткен Ақсақ Темір деген атымен қалды. Оның балалық шағы Шыңғысханның таихына ұқсайды. Бір ғана өзгешелігі – жасында жақсы білім алған, жауынгерлік өнеді үйренген. Алайда Темірлан қандай қиыншылықтарды бастан өткереді? Тар жол, тайғақ кешкен өмірінде қандай өзгерістер болады? Қалай алып мемлекеттің басшысына айналады?