Ғалым Елриза Есжан Қазақстандағы тау-кен өндірісі және металлургиялық кәсіпорындардан шығатын қалдықтардан геополимер өндіру технологиясын зерттеуде. Оның жобасы өнеркәсіп материалдарын қайта өңдеу және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

