Бұл еліміздегі бар 14 ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға қатысты айтылған дерек. Мұндай мәліметпен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бөлісті. Қазіргі уақытта көптің сұранысына ие ерекше аумақтарға жаңа экологиялық бағыттар ашылып жатыр.
Атап айтсақ, Көлсай, Қатонқарағай, Алтын Емел, Шарын және Сайрам-Өгем Ұлттық парктерінде бұл жұмыстар аяқталуда. Ал келер жылдан бастап бұл игі іс Қарқаралы, Бұйратау, Көкшетау сынды шағын табиғи саябақтарда жалғасын табады.