Цифрлы шлагбаумдар, интерактивті жолсілтеме карталары, саяхатшыларға арналған мобильді қосымшалар. Мұның барлығы туристердің демалысын ыңғайлы ету үшін жасалды. Өздеріңіз білетіндей, елімізде туристік саланы цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың осылайша туристік серпіліске қол жеткізіп қана қоймай, елдің табиғи, биологиялық және тарихи-мәдени байлығын бастапқы күйінде сақтап қалуға болады деп отыр.
Аида Табелинова, география ғылымдарының кандидаты, «Qazaq Geography» бас менеджері:
– «Qazaq Geography»-дің негізгі идеясы – цифрлық инфрақұрылымды экожүйеге, өрт қауіпсіздігіне, биоәртүрлілікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық платформа арқылы дамыту болып отыр. Туристерді бақылау және оларды мониторингтен өткізу қажет. Азаматтар сайттардан жеке материалдарды жүктемеуі үшін цифрлық платформаны мобильді қосымшаға модернизациялауға болады. Бұл табиғи, тарихи-мәдени депозитарий үшін ортақ негіз болады.
Осылайша, цифрлық технологиялар Қазақстанның туристік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналады. Заманауи интерактивтік мүмкіндіктердің көмегімен еліміздің ең танымал туристік орындарына виртуалды 3D турлар арқылы саяхаттауға, сондай-ақ сәулет ғимараттарымен және Ұлы Дала елінің бай жылнамасымен танысуға болады. Мысалы, «kazakhstan.travel» атты ұлттық порталда бірқатар арнайы цифрлық платформа ұсынған. Олардың қатарында – «Altyn Orda», «Tourstat.kz» және «Е-konak» бар.