Биыл Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталады. Осы жылдың қорытынды халықаралық конференциясы «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен шешімдер іздеу» тақырыбына арналды. Осының қамында елордада аймақтың барлық елдерінің өкілдері бас қосты. Алқалы жиында қатысушылар аталмыш тақырып аясында бірлескен мәлімдеме қабылдады. Ендігі кезекте диалогқа Қырғызстан төрағалық етпек. Еске салайық, бұған дейін еліміздің бастамасымен гендерлік теңдік, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті дамыту, климаттың өзгеруі және терроризм мен экстремизмге қарсы күресте әйелдер рөлі сынды өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ нәзік жандылардың заман ағымына сай инновациялар мен технологияларды дамытуда белсенділігін арттыруға басымдық берілді.
Жұлдыз
Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы цифрлық
әлемде әйелдердің біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, «technovation girls» деген көптеген «STEAM» бағдарламалары
арасында әйелдердің жалпы цифрлық сауаттылығын арттыруға арнайы бағдарламалар
бар. БҰҰ Даму бағдарламасының аясында, превинтивті дипломатия БҰҰ-ның аймақтық,
өңірлік бағдарламасының аясында осындай бағдарламаның Қазақстанға келуін,
сонымен қатар ауылдағы, шалғай аудандардағы әйелдердің сауаттылығын дамытуға
қатысты ұсыныстар енгіздік.
Танзила Нарбаева,
Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы:
- Мен Қазақстан
Республикасы гендерлік теңдік саласына қатысты заңнамалар бойынша тәжірибе алмасуда
және әйелдер құққықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы үкіметтердің тиісті
шешімдері мен заңдарын жүзеге асыру барысына парламенттік бақылауды күшейту
бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің
күшін жұмылдыра алғанын ерекше атап өткім келеді. Ең бастысы бұл мәселеге қоғам
мен үкіметтік емес ұйымдардың назарын аударды. Бұған қоса, өзі төрағалық еткен
уақытта біздің өңірлік диалогты халықаралық деңгейге шығарды.