«Күшті бала» өлеңдер жинағы жарық көрді

Балалар әдебиеті тағы бір тың еңбекпен толыға түсті. Елордада елге танымал ақын Серікбол Хасанның «Күшті бала» кітабы жарық көрді. Автор бұл жаңа туындысын кішкентай оқырмандарына таныстырды. Кітапқа ақынның соңғы 5 жылда жазылған өлеңдері енген. Жинақ оқу-білім, әдет-ғұрып, отбасылық құндылық сынды тәрбиелік мәндегі тақырыптарды қамтиды. 3 мың данамен басылған еңбек еліміздегі балаларға арналған кітапханаларға таратылады.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Хасанның «Әкесінің қызы» және «Көбелек» атты кітаптары оқырмандарына жол тартқан.

Аян Ертай, оқушы:

- «Күшті баба» кітабы менің қолыма тиді. Оның авторы Серікбол Хасанның өлеңдерін оқығанды жақсы көремін. Оның тақпақтарында мәнерлеп оқимын. Мен бұл кітапты тезірек оқуға тырысамын. Менің жақсы көретін ақындарым көп. Мысалы олар: Абай Құнанбаев, Серікбол Хасан, Зәуре Төрехан, Ахмет Байтұрсынұлы тағы да басқа ақындарды жақсы көремін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?